ЖАС ҒАЛЫМДАР БАЙҚАУЫ
Медициналық бейіндегі жоғары оқу орындарының резиденттерін, магистранттарын, докторанттарын Қазақстан Республикасы кардиологтарының XV Конгресіне қатысуға шақырамыз.
ЖАС ҒАЛЫМДАР БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:
  • Қатысушының жасы 35-тен аспау керек;
  • Кардиология саласындағы инновациялық ғылыми жұмыс;
  • Талаптарға сәйкес рәсімделген баяндама тезисі (төменде жарияланған);
  • Байқау өткізілетін күні өз жұмысын қорғаумен байқауға қатысушының сөз сөйлеуі.
КЕЗЕҢДЕР:
1
Өтінім беру
2
Жас ғалымдар байқауы шеңберінде ауызша сөз сөйлеу үшін комиссияның өтінімдерді іріктеуі
Жеңімпаздарды қазылар алқасы келесі критерийлер бойынша анықтайды: тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы, тақырыптың ашылу дәрежесі және жұмыстың практикалық маңыздылығы, автор айтқан пайымдаулардың (тұжырымдардың) дербестігі мен ғылыми негізділігі, тәсілдердің өзіндік ерекшелігі, баяндау стилі мен тілі, жұмыстың рәсімделу сапасы. Байқау шеңберінде сөз сөйлеу қорытындылары бойынша жеңімпаздар анықталып, олар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Жас ғалымдар байқауына қатысуға өтінім беру мерзімі:
2023 жылдың 14 мамырына дейін.

Байқауға қатысу үшін іріктеу нәтижелерін жариялау (электрондық пошта арқылы):
2023 жылдың 24 мамырынан кешіктірмей.

Байқау қорытындыларының нәтижелері конгресстің жабылуында жарияланады:
2023 жылдың 2 маусымы.
Көрсетілген мерзімнен кешіктірілген немесе көрсетілген ережелерді сақтамай рәсімделген жұмыстар қарауға қабылданбайды.
ӨТІНІМ БЕРУ
Байқауға өтінімді жеке кабинет арқылы электронды түрде беру қажет.

БАЯНДАМА ТЕЗИСІН РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
  • Материалдар электрондық нысанда, Microsoft Word форматында ұсынылады;
  • Бағдары – кітаптық;
  • Times New Roman қарпі;
  • Қаріп өлшемі 12;
  • Әріп сызбасы — қалыпты;
  • Оң және сол жақтағы жиектер — 1,5 см, төменнен және жоғарыдан — 2,0 см.;
  • Сөз тасымалын өшіріп тастау қажет;
  • Абстрактілер тек бір кестені және бір ғана графикалық элементті (сурет немесе графикті) қамтуы мүмкін;
  • Таңбалар саны — ҚАТАҢ кем дегенде 2000 және бос аралықсыз 3000 таңбадан аспауы тиіс
    *Таңбалар санына абстракт атауы, абстрактінің денесі, кестелер мен суреттер қосылған;
  • Бетті нөмірлеуді жасамаған жөн.
ТЕЗИСТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
  • Атауы;
  • Авторы;
  • Өзектілігі;
  • Мақсаты мен міндеттері;
  • Әдістеме;
  • Алынған нәтижелер мен қорытындылар;
Сіздердің қатысуларыңызға қуаныштымыз!
Утебалиева Дария Джамбуловна
+7 (747) 846 89 75
Қазақстан кардиологтарының ассоциациясы хатшысы
Молдаханова Айдана
+7 (777) 747 15 12
info@kzcardio.kz
Ресми техникалық ұйымдастырушы
Техникалық ұйымдастырушы
Халықаралық қатысуымен
Қазақстан Республикасы кардиологтарының XV Конгресі
1-2 маусым 2023 ж.