РЕЗИДЕНТТЕР БАЙҚАУЫ
Медициналық бейіндегі жоғары оқу орындарының резиденттерін Қазақстан Республикасы кардиологтарының XV Конгресіне қатысуға шақырамыз.
БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ:
Байқау медициналық жоғары оқу орындарының резиденттері арасында командалық жарыс ретінде өткізіледі. 5 адамнан тұратын команда құрамына 1-3 жыл оқитын резидент-кардиологтар жіберіледі.
БАЙҚАУ 3 КЕЗЕҢДЕ ӨТКІЗІЛЕДІ:
1
Жалпы ой-өріске (блиц сауалнама)
2
Кәсіби білім мен клиникалық ойлауға (клиникалық есепті шешу)
3
Шығармашылық және ғылыми белсенділікке (өз басынан өткен қызықты клиникалық жағдайды ұсыну)
Командалар арасындағы байқаудың қорытындысын қазылар алқасы барлық үш кезеңінің баллдарының қосындысы бойынша анықтайды. Байқау қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған командалар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Жас ғалымдар байқауына қатысуға өтінім беру мерзімі:
2023 жылдың 14 мамырына дейін.

Байқау қорытындыларының нәтижелері конгресстің жабылуында жарияланады:
2023 жылдың 2 маусымы.
Белгіленген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қарауға қабылданбайды.
ӨТІНІМ БЕРУ
Байқауға өтінімді жеке кабинет арқылы электронды түрде беру қажет.
Сіздердің қатысуларыңызға қуаныштымыз!
Утебалиева Дария Джамбуловна
+7 (747) 846 89 75
Қазақстан кардиологтарының ассоциациясы хатшысы
Молдаханова Айдана
+7 (777) 747 15 12
info@kzcardio.kz
Ресми техникалық ұйымдастырушы
Техникалық ұйымдастырушы
Халықаралық қатысуымен
Қазақстан Республикасы кардиологтарының XV Конгресі
1-2 маусым 2023 ж.