Абстрактілерді рәсімдеуге қойылатын талаптар
Қымбатты әріптестер!

2023 жылғы 1-2 маусымда Алматыда «Халықаралық қатысуымен Қазақстан Республикасы кардиологтарының XV Конгресінің ғылыми бағдарламасын» жасау бойынша жұмыс басталады. 2023 жылдың 13 наурызы мен 1 мамыры аралығында конгресстің ресми парақшасында жеке кабинетте абстрактілерді қабылдау ашылады. Электрондық пошта арқылы жіберілген материалдарға жол берілмейді. Қоса тіркеліп отырған абстракт форматын пайдалану ұсынылады.

Форматқа сәйкес емес және 1 мамырдан кешіктіріліп берілген абстрактілер қабылданбайды. 1 мамыр мен 15 мамыр аралығында кардиология мамандары Конгресс үшін ең жоғары сапалы ғылыми зерттеулерді іріктеп алады. Іс-шараның қорытындылары бойынша Конгресс материалдары қамтылған жинақты шығару жоспарлануда, ал олардың бір бөлігі тізбесі қоса тіркеліп отырған секциялық отырыстарда баяндамалар түрінде ұсынылатын болады. Баршаңызға абстрактілеріңіздер бойынша табысты жұмыс тілеймін!
Ізгі құрметпен, Қазақстан Республикасы кардиологтар қауымдастығының президенті, Сәлім Фархатұлы Беркінбаев
АБСТРАКТІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР
  • Өкпе гипертензиясын диагностикалау және емдеу бойынша ESC-2022* ұсынымдары
  • Қарыншалық ырғақсыздығы бар науқастарды бақылауға және кенеттен жүрек өлімін алдын алуға арналған ESC-2022 ұсынымдары
  • КОВИД-19 этиотропты және патогенетикалық терапиясы. Ковидтен кейінгі асқынулар
  • Тәуекелі жоғары жүкті әйелдердің өміріне қауіп төндіретін жағдайларды алдын алу
  • Инсультті алдын алудағы гиполипидемиялық терапияның заманауи ұстанымдары
  • Липидтерді төмендететін терапияны қарқындатуға арналған заманауи тәсілдер
  • Жүрек-қан тамырлары ауруларын алдын алудағы салауатты өмір салтының рөлі
  • MINOCA (тәждік артериялардың обструктивті қазымдануынсыз миокард инфаркты). Емдеу ерекшеліктері
  • Жаңа 2022 клиникалық ұсынымдарында ишемиялық инсульттің қайталама профилактикасы
Тезистер 2023 жылдың 1 мамырына дейін қабылданады
Автор немесе авторлар тобы бере алатын абстрактілердің саны шектелмеген.
Жұмыстарын Ғылыми комитеттің қарауына берген барлық авторлар сайтта Жеке кабинетте электронды тіркеу рәсімінен өтулері тиіс.
АБСТРАКТІЛЕРДІ РӘСІМДЕУ
  • Материалдар электрондық нысанда, Microsoft Word форматында ұсынылады
  • Бағдары – кітаптық
  • Times New Roman қарпі
  • Қаріп өлшемі абстракт бөліміне байланысты (үлгітүрді қараңыздар)
  • Әріп сызбасы — қалыпты; қалың немесе курсив тек үлгітүрде көрсетілген жерлерде ғана
  • Оң және сол жақтағы жиектер — 1,5 см, төменнен және жоғарыдан — 2,0 см.
  • Сөз тасымалын өшіріп тастау қажет
  • Абстрактілер тек бір кестені және бір ғана графикалық элементті (сурет немесе графикті) қамтуы мүмкін
  • Таңбалар саны — ҚАТАҢ кем дегенде 2000 және бос аралықсыз 3000 таңбадан аспауы тиіс. *Таңбалар санына абстракт атауы, абстрактінің денесі, кестелер мен суреттер қосылған
  • Басқа зерттеулерге сілтемелерді ұсынуға рұқсат етілмейді
  • Бетті нөмірлеуді жасамаған жөн
  • Бірнеше абстрактті беру болажатын болса, оларды әртүрлі құжаттарға бөлу қажет. Әр файлда — бір абстракт
Абстрактілер қосымша редакцияланбайды, сондықтан соңғы нұсқаның түзетілуіне жауапты болуларыңызды сұраймыз (қателер, тыныс белгілері және т.б.). Материалдарды жібермес бұрын рәсімдеу ережелерімен және үлгітүрмен мұқият танысыңып шығуларыңызды сұраймыз.
ҰСЫНЫЛАТЫН ҚҰРЫЛЫМ:
  • СЕССИЯ ТАҚЫРЫБЫ
  • АЙДАР
  • АБСТРАКТ АТАУЫ
  • АВТОРЛАР
  • ҚОСЫЛУЛАР
  • ТҮЙІНДІ СӨЗДЕР
  • АБСТРАКТ ДЕНЕСІ
  • КІРІСПЕ/ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ
  • МАТЕРИАЛДАР МЕН ӘДІСТЕР
  • НӘТИЖЕЛЕР
  • КЕСТЕЛЕР/СУРЕТТЕР/ГРАФИКТЕР (бар болса)
  • ҚОРЫТЫНДЫ
  • АЛҒЫСТАР/ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
Талаптардың бұзушылығымен рәсімделген абстрактілер қаралмайды. Ұйымдастыру комитеті абстрактілер мәтінін жұмыстың мағынасын бұзбай редакторлық түзету құқығын өзіне қалдырады.
Утебалиева Дария Джамбуловна
+7 (747) 846 89 75
Қазақстан кардиологтарының ассоциациясы хатшысы
Молдаханова Айдана
+7 (777) 747 15 12
info@kzcardio.kz
Ресми техникалық ұйымдастырушы
Техникалық ұйымдастырушы
Халықаралық қатысуымен
Қазақстан Республикасы кардиологтарының XV Конгресі
1-2 маусым 2023 ж.