1-2 маусым 2023 ж.
Қатысу тегін
Халықаралық қатысуымен
Қазақстан Республикасы кардиологтарының XV Конгресі
Алматы қ., Сейфуллин даңғылы, 506
СӘЛЕМДЕМЕ СӨЗ
Қымбатты әріптестер!

Сіздерді біздің іс-шараға – халықаралық қатысумен Қазақстан Республикасы кардиологтарының XV Конгресінде қарсы алғаныма қуаныштымын. Биыл біздің кездесуіміз ерекше – мерейтойлық болады. Бұл біздің медицинаны дамытуға және науқастарға қызмет көрсетуді жақсартуға қосқан үлесіміздің мерейтойы. Әрқайсымыз үшін бұл маңызды және көптен күткен кәсіби кездесу.
Біз бірге өткізетін екі күн ішінде бізді дәстүрлі бай ғылыми бағдарлама күтіп тұр. Сіздердің алдарыңызда негізгі қазақстандық және халықаралық спикерлер сөз сөйлейді. Біз өкпе гипертензиясын диагностикалау және емдеу, қарыншалық ырғақсыздықпен ауыратын науқастарды жүргізу және кенеттен жүрек өлімінің алдын алу бойынша соңғы клиникалық ұсыныстарды талқылаймыз. Конгресс жұмысы кезінде біз жүкті әйелдердің өміріне қауіп төндіретін жоғары қауіпті жағдайлардың алдын алу және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алудағы салауатты өмір салтының рөліне ерекше назар аударамыз. Жетекші сарапшылар бізбен инсульттің алдын алудағы гиполипидемиялық терапияның заманауи ұстанымдарымен бөліседі, липидті төмендететін терапияны күшейтудің жаңа тәсілдерін ұсынады және клиникалық жағдайларды талдайды. Сонымен қатар, сізде пікірталас клубына белсенді қатысуға тамаша мүмкіндік болатынын атап өткім келеді.
Сізге конгрессте жұмысыңыз жемісті болсын, ең бастысы – денсаулық тілеймін!
Сәлім Фархатұлы Беркінбаев
Қазақстан Республикасының Кардиологтар қауымдастығының президенті, м.ғ.д., профессор
КОНГРЕС ТУРАЛЫ
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ МАМАНДАНУЫ:
  • Кардиологтар
  • Кардиохирургтар
  • Қан тамырлары хирургтары
  • Аритмологтар
  • Интервенциялық кардиологтар
НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫПТАМАЛАР
  • Өкпе гипертензиясын диагностикалау және емдеу бойынша ESC-2022* ұсынымдары
  • Қарыншалық ырғақсыздығы бар науқастарды бақылауға және кенеттен жүрек өлімін алдын алуға арналған ESC-2022 ұсынымдары
  • КОВИД-19 этиотропты және патогенетикалық терапиясы. Ковидтен кейінгі асқынулар
  • Тәуекелі жоғары жүкті әйелдердің өміріне қауіп төндіретін жағдайларды алдын алу
  • Инсультті алдын алудағы гиполипидемиялық терапияның заманауи ұстанымдары
  • Липидтерді төмендететін терапияны қарқындатуға арналған заманауи тәсілдер
  • Жүрек-қан тамырлары ауруларын алдын алудағы салауатты өмір салтының рөлі
  • MINOCA (тәждік артериялардың обструктивті қазымдануынсыз миокард инфаркты). Емдеу ерекшеліктері
  • Жаңа 2022 клиникалық ұсынымдарында ишемиялық инсульттің қайталама профилактикасы
* Барселонадағы Еуропалық кардиологтар конгресі
 КОНГРЕС ФОРМАТТАРЫ:
  • Клиникалық бақылауларды талдау
  • Негізгі қазақстандық және халықаралық спикерлермен телекөпірлер
  • Пікірталас клубы
  • Клиникалық ұсынымдарды талқылау
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР
Қазақстан кардиологтарының ассоциациясы
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
Ұлттық кардиохирургия орталығы
Еуропалық жүрек жеткіліксіздігінің қауымдастығы
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты
Қазақстандық журек жеткіліксіздігі мамандарының қоғамы
Жібек жолы жүрек ырғағының қоғамы
МЫНА ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
MedMundus
Утебалиева Дария Джамбуловна
+7 (747) 846 89 75
Қазақстан кардиологтарының ассоциациясы хатшысы
Молдаханова Айдана
+7 (777) 747 15 12
info@kzcardio.kz
Ресми техникалық ұйымдастырушы
Техникалық ұйымдастырушы
Халықаралық қатысуымен
Қазақстан Республикасы кардиологтарының XV Конгресі
1-2 маусым 2023 ж.